Экономика • Бүгін, 09:44

Ақтөбе өңірінен асыл тұқымды қазақы жылқыны экспорттау көзделіп отыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл туралы Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе өңірінен асыл тұқымды қазақы жылқыны экспорттау көзделіп отыр

Фото: Облыс әкімдігі

Әкім өңірде жылқы шаруашылығы институтын қалыптастыру жұмыстары қалай жүріп жатқанына тоқталды.

«Негізгі алаң ретінде арнайы мекемені аштық. Совет кезеңінен қалған тәжірибелік станса базасында институт ашып, ұйымдастырдық. Алғашқы мамандар тартылды. Қазір жылқы шаруашылығын жақсы меңгерген профессорлар осы институттан тұрақты жұмыс алды. Енді базаны салу мәселесі қалды. Қазір Үкіметпен бірге база салынатын орынды таңдадық. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап кеттік. Келесі жылы толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», деді ол.

Асхат Шахаров облысқа арнайы шақыртылған ғалымдарға үлкен сенім артылып отырғанын айтты.

«Негізгі мақсатымыз – асыл тұқымды жылқыны көбірек шығарып, өзіміздің бренд ретінде экспорттау. Шақырған профессорларымыз жұмысты қажетті деңгейде атқарып берсе, төл тұқымды әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік болады», деді А.Шахаров.