Мәдениет • Бүгін, 00:22

Биыл Disney-дің үшінші фильмі қазақ тіліне аударылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Disney компаниясы өз қаражатына «Аңдар шаһары 2» фильмін қазақ тілінде дубляждады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Disney-дің үшінші фильмі қазақ тіліне аударылды

«Аңдар шаһары 2» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасында актриса, блогер Сәбира Жарасқызы басты кейіпкерлердің бірі – Джуди Хоппсты, актер Бақытжан Әлпейіс – Милтонды, сондай-ақ Асан Мәжіт – Капитан Буйволсонды, Еркебұлан Дайыров Дәу Мырзаны дыбыстады.

Анимациялық фильмнің дубляж режиссері болған Шах-Мұрат Ордабаев мемлекеттік тілдегі фильмдерге тек кинотеатрлар ғана емес, онлайн-кинотеатрларда сұраныс артқанын атап өтті. Оның айтуынша, жыл соңына дейін тағы бір фильм қазақ тілінде жарық көреді, ол – атақты режиссер Джеймс Кэмероннның «Аватар: от пен күл» фильмі.

Алайда Шах-Мұрат Ордабаев қазақ тілінде дыбысталған фильмдерге қатысты мәселе бар екенін де жасырмады. Оның сөзіне қарағанда, кинотеатрлар қазақ тілінде дыбысталған фильмнің сеанстарын көбейтуден әлі де тартынады.

– Кинотеатрлар иелері бірінші кезекте табысты ойлайды. Бірақ халық қолдауы артса, жағдай өзгеруі мүмкін, – дейді ол.

Еске салайық, былтыр әлемдік кинокомпания «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» атты үш фильмін қазақ тіліне аударуға тапсырыс беріп, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.

Ал 2025 жылы Disney студиясы «Элио» фильмін қазақ тіліне дубляждады.