Спорт • Бүгін, 16:25

«Копенгаген» құрамасының өкілдері қазақстандық жанкүйерлерге кәдесый таратты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында күні кеше «Копенгаген» – «Қайрат» матчы өткен болатын. Матч алдында «Копенгаген» құрамасының өкілдері «Қайрат» жанкүйерлеріне құрмет көрсетті. Ал сырт алаңдағы кездесуде алматылық клуб 3:2 есебімен жеңілді, деп жазады Egemen.kz.

«Копенгаген» құрамасының өкілдері қазақстандық жанкүйерлерге кәдесый таратты

Фото: видеодан алынған скрин

Даниялықтар Алматыдан 5000 км шақырымды артқа тастап, командасын қолдауға келген 10 жанкүйерді арнайы жасыл алаңға шақырып, кәдесый тарту етті. Ілтипатқа толы көріністі УЕФА Чемпиондар лигасының инстаграмдағы ресми парақшасы жариялады. 

«Команда үшін 5000 км жол жүру – мәртебе. Алматыдан 10 жанкүйер аттаныпты. Жанкүйерлерсіз футбол – футбол болмас еді. Барлық жанкүйер үшін Чемпиондар лигасы аясындағы матчтар керемет өтсін деп тілейміз», делінген парақшадағы жазбада.

«Қайрат» құрамасы өз кезегінде сый-құрметке алғыс айтып, жазба астында пікір қалдырды.

Айта кетейік, «Копенгаген» – «Қайрат» кездесуінде отандастарымыздың сапынан Дастан Сәтбаев пен Олжас Байбек гол соқты.