Жиын барысында қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Сондай-ақ ҰҚШҰ-ның 2025 жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ұйымның 2026 жылғы жұмысының перспективалық бағыттары талқыланды.
Кеңес отырысында баяндама жасаған Е.Көшербаев ұйымға мүше елдермен күш біріктіру арқылы заңсыз көші-қон, есірткі тасымалы, лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу бағытындағы еліміздің ұстанымдарын жеткізді. Сонымен бірге, министр Ұйымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының әлеуетін атап өтті.