фото: avtotachki.com
Бұл шара 24 айда кемінде 11 айыппұл алған немесе бір жыл ішінде жылдамдықты асырып, бағдаршамның қызыл түсін елемей, бейнебақылауға 16 рет түскендерге қолданылады.
Көлік иесі құрылғыны өз қаражатына орнатады, ол шамамен 520 мың теңге тұрады.
Заң шығарушы орган штат губернаторы бұл құжатты мақұлдаса, полиция 3000-4000 тұрғынның жылдамдығын шектейтінін айтты.
Бұл Америкадағы шенеуніктердің алғашқы бастамасы емес. Былтыр дәл осындай шара Вашингтонда, Колумбия округінде талқыға түскен. Олар ұсынған жаза бұдан қатаң. Тәртіп сақшылары бірінші рет ереже бұзған тұрғынның көлігіне шектеуіш орнатпақ болған.