Сурет ашық дереккөзден алынды
Роботтарды Қытайдың «UBTech Robotics» компаниясы жасап шығарады. Компания мәліметінше, тапсырыстың жалпы құны 37 млн доллар. Роботтардың міндеті жолаушыларды бағыттау, сүйемелдеу, адамдарды бақылау, патрульдеу, логистикалық жұмыстарды орындау. Бұл келісім – өнеркәсіптік гуманоид роботтарды кең ауқымда қолдануға арналған ең ірі жобалардың бірі.