Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Интернетсіз өмір

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір қарағанда, қазір әлем түгел онлайн өмір сүріп жатқандай көрінеді. Алайда БҰҰ-ның Халықаралық телекоммуникациялар одағы (ITU) жариялаған жаңа деректер бұл тү­сінікті жоққа шығарды. Мәліметке сәйкес, Жер шарындағы әр төртінші адам, яғни 2,2 миллиард тұрғын өмірінде интернетке қосылып көрмеген.

Интернетсіз өмір

Сурет ашық дереккөзден алынды

Зерттеу шамамен 6 миллиард адамның желіні белсенді қолданатынын көрсетіп отыр. Бірақ цифрлық теңсіздік әлі де бар­шы­лық. Әсіресе Африкада жағдай күрде­лі. Бұл аймақтағы халықтың 64 пайызы интер­нетсіз өмір сүріп жатыр. Тіпті технологиясы дамыған Еуропаның өзінде тұрғындардың 12 пайызы әлеуметтік желіні қолданбайды. БҰҰ сарапшылары атап өткендей, интернетке қолжетімділік қазіргі заманда жай ғана ақпарат алу құралы емес, сонымен қатар білім, денсау­лық сақтау және экономикалық мүмкін­дікке жол ашатын негізгі фактор.