Фото: istockphoto.com
Прокуратураның мәліметінше, орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімнің есеп шотына артық жалақы аударып, кейін аударылған қаржыны өзінің жеке есепшотына жіберіп отырған. Салдарынан мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келтірілген.
Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.