Білім • Бүгін, 14:58

Депутат: Білім беру жүйесін оқушылардың жас шамасына бейімдеу керек

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Болат Кәрімбек Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімдеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, бастауыш және орта сыныптардың жүктемесі олардың жас және танымдық деңгейіне сай емес, деп жазады Egemen.kz.

Депутат: Білім беру жүйесін оқушылардың жас шамасына бейімдеу керек

Фото: qazdauiri.kz

Ол бұл ұсыныс әдістемелік емес ұлттық білім сапасы мен әділдігін айқындайтын стратегиялық мәселе екеніне назар аударды. 

Болат Кәрімбек қоғамда мектеп бағдарламасына ұлттық құндылықтарға негізделген арнайы пән енгізу бастамасы да жиі көтерілетінін атап өтті. 

Мәселе көтерген депутат Оқу-ағарту министріне жалпы білім бағдарламасын оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеу, оқу жүктемесін оңтайландыруға қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және ұлттық құндылықтарға негізделген арнайы пән енгізу жоспары бар-жоғын білу үшін сауал қойды. 

Өз кезегінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бекітілгенін, қазір апробация жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Апробация нәтижесі желтоқсан айының соңында жарияланады. Содан кейін білім беру бағдарламаларын бекіту ісін бастаймыз. Қоғамда бастауыш сыныптағы математика, лингвистика, жаратылыстану пәндерінің мазмұнына қатысты орынды ұсыныстар бар. Біз бұл мәселені сарапшы, әдіскерлермен бірге талқылаймыз. Ал ұлттық құндылықтарды бір пән негізінде шектеуге болмайды. Ол барлық пән негізін қамту керек. Мемлекет басшысы айқындаған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасында бекітілген құндылықтарды барлық пәнге енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», деді Жұлдыз Сүлейменова.