Табиғат • Бүгін, 18:18

Катонқарағай табиғи паркінде сирек кездесетін құс фототұзаққа түсіп қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін Алтай ұлары камераға түсіп қалды, деп жазады Egemen.kz.

Катонқарағай табиғи паркінде сирек кездесетін құс фототұзаққа түсіп қалды

Қазақстанның Қызыл Кітабына енген бұл сұлу құс Катонқарағай ұлттық паркінің теңіз деңгейінен 2000-3500 метр биіктіктегі тік жартастардың маңында мекендейді. 

Оның қауырсыны таудың сұр және қоңыр тастарына толықтай камуфляж болуға бейімделген. Бұл оның жыртқыштардан жасырынуына көмектеседі.

Олар қыстың аязы мен қалың қарына қарамастан, төменге түспей, тастағы мүктер мен тау өсімдіктерінің тамырларымен қоректеніп, биікте қыстайды.