Аймақтар • Бүгін, 15:58

«30-дан аса жұмыс орны ашылды»: Түркістанда жаңа зауыт іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта  «ER-QAN GROUP» ЖШС-ның орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«30-дан аса жұмыс орны ашылды»: Түркістанда жаңа зауыт іске қосылды

Зауыттың жобалық құны – 4 млрд теңге. Аталған жоба аясында 30-дан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы отандық өніммен толықтырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да жол ашады.

«Мұндай жобалар біздің облыстың экономикалық жағдайын жақсарта түседі. Әрбір жаңа жоба – экономикалық өсімге үлес қосатын маңызды бастама. Біз инвесторлар мен кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», деді кәсіпорынның ашылуына қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Айта кетейік, облыста 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 111 инвестжобалар пулы қалыптасқан. Жобалар толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.