Президент • Бүгін, 14:42

Биыл ЕgovBusiness қосымшасы арқылы 4,6 миллионнан астам қызмет көрсетілген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кәсіпкерлерді қолдау үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл ЕgovBusiness қосымшасы арқылы 4,6 миллионнан астам қызмет көрсетілген

Фото: Gov.kz

Қазір ЕgovBusiness платформасы жұмыс істеп тұр. Соның арқасында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер қолжетімді бола түскен.

«Кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдеп, қағазбастылық азайды. Биылдың өзінде осы қосымша арқылы 4,6 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Енді платформаны Бизнестің цифрлық картасымен өзара байланыстыру жұмысын аяқтау қажет.

Сонымен бірге осы платформаға жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызмет түрлерін қосу керек. Бұл шаралар кәсіпкерлердің біртұтас платформа арқылы әртүрлі қызмет алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ платформада жасанды интеллект көмегімен бизнес жүргізуге қатысты толыққанды кеңес алуға болады», дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай қадам әкімшілік кедергілерді азайтып, мемлекеттік қолдау шараларының ашық әрі тиімді болуына ықпал етеді.