Заң • Кеше

Жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды. Жүргізушінің жыл басынан бері Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жол жүру ережесін бұзғаны бейнебақылау камераларында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Фото: pixabay

Тексеру барысында 30 жастағы жүргізушінің бірнеше рет жылдамдықты асырғаны, рұқсат етілмеген жерде көлігін қойғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені және жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны белгілі болды.

Жүргізушінің айыппұл қарызы 1 млн 57 мың теңгеден асып, көлігі айыптұраққа қойылған. Көлік айыппұл толық өтелгеннен кейін иесіне қайтарылады. 

Айта кетейік, қазір ел аумағында «Қауіпті жүргізуші» республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.