Ғалам ғажаптары • Кеше

Эйнштейнді жеңген эксперимент

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Физиктердің арасында «бір бөлшектің барлық қасиетін бір уақытта бақылауға бола ма?» деген сұрақ көп жылдан бері талқыланып келе жатыр. Эйнштейн бұған «мүмкін» десе, Бор «квант әлемі ондайға рұқсат бермейді» деген тұжырым айтқан.

Эйнштейнді жеңген эксперимент

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қытай зерттеушілері осы пікірталасқа қайта оралып, бір атом деңгейінде жұмыс істейтін өте сезімтал құрылғы жасады. Сол құрылғының көмегімен олар Эйнштейн 1927 жылы ұсынған ойша экспериментті орындаған. Нәтижесінде, Бордың пікірі расталды. Яғни кванттық бөлшекті бақылағанда оның барлық қасиетін бір мезетте анықтау мүмкін емес. Өлшеудің өзі жүйеге әсер етіп, ақпараттың бір бөлігін өзгертеді. Қарапайым тілмен айтқанда, микродүние бізге бірден құпиясын ашпайды. Бір қасиетін көрсең, екіншісі көмескіленіп қалады.