Қоғам • Кеше

Баспана бағасы қай қалаларда өзгерді?

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жаңадан салынып жатқан пәтерлер қайтадан қымбаттады. Қарашада, яғни бір ай ішінде баға бірден 2,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, жаңа баспана бағасының өсуі 7 қала бойынша байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Баспана бағасы қай қалаларда өзгерді?

Фото: shutterstock.com

Пайыздық өлшем көрсеткіші бойынша баспана бағаларының қараша айындағы өзгерістері

Баспана бағаларының өсуі – Ақтөбе (+4,3%), Алматы (3,5%), Астана (3,2%), Талдықорған (2,3%), Көкшетау (+2,1%) қалалары бойынша тіркеліп отыр. Сонымен қатар Қарағанды, Павлодар, Қостанай қалаларында (0,2-0,8%) өсім байқалған. 

Ал Шымкент, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан қалалары бойынша өсім тіркелмеген.

Ал бағаның төмендеуі тұрғысында бір ғана қала тіркелді, ол – Қонаев қаласы (0,2%).

1 шаршы метр неше теңгені құрап отыр?

Биыл қараша айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 568 813 теңгеге жеткен. Бұл баға көрсеткіші – осы жылдың қазан айымен салыстырғанда 13 652 теңгеге қымбат.

1 шаршы метр бойынша ең қымбат баға – Алматы қаласы (690 668 теңге). Одан кейін Астана (671 200 теңге), Атырау (521 361 теңге), Шымкент (518 364 теңге), Семей (467 745 теңге).

Ал 1 шаршы метр бойынша ең қолжетімді бағалар 3 қалада сақталып отыр: Орал (299 155 теңге), Ақтөбе (327 514 теңге), Түркістан (338 637 теңге).

1 жыл ішіндегі пәтер бағасындағы өзгерістер

2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда жылдық өсім 15,5%-ды құрады.

Алматы қаласында 1 жыл ішінде пәтер бағасы 19,9%-ға көтерілген.

Айтарлықтай өсім байқалған қалалар:

  • Павлодар: +19,6%;
  • Қонаев: +17,5%;                         
  • Астана: +17,4%.

Ең төмен өсім көрсеткендер:

- Өскемен: +1,3%;
- Петропавл: +2,6%;
- Жезқазған: +5,3%.

Жаңа тұрғын үй кешендері және бағалар туралы ақпаратты Krisha.kz сайтының «Жаңа құрылыстар» бөлімінен табасыз.