Қоғам • Бүгін, 16:40

Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық жеке сот орындаушы Мейрам Әбдіков 10 жыл бойына алимент төлемеген азаматтан 196 млн теңгеден астам қаржыны қайтарып, рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды

Фото: Freepik

Табысын жасырған төрт баланың әкесі, әрі ірі бизнес иесі – сот шешімдері мен орындаушы қаулыларын бірнеше рет даулаған екен. Қарыздың нақты көлемін анықтау үшін жеке сот орындаушы (ЖСО) кең ауқымды тексеріс жүргізіп,  Мемлекеттік кірістер комитетінен, банктерден, жұмыс орындарынан мәліметтер алып, барлық қаржылық операцияларды зерттеген.

Ақпарат беруден жалтарған борышкерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілгеннен кейін ғана ол нақты табысын ашуға мәжбүр болған. Одан кейін өткен оннан аса сот отырысында барлық шешімдер орындаушының пайдасына шығарылды.

Нәтижесінде бір жылдың ішінде 140,6 млн теңге негізгі қарыз және 56 млн теңге өсімпұл, жалпы сомасы 196 млн теңге өндіріліп алынды.

Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы алғыс хат жолдап, Мейрам Әбдіковтің кәсібилігі мен табандылығын атап өтті.

«Алимент өндіру – әлеуметтік маңызы зор санат. ЖСО-ның жұмысы балалардың қаржымен қамтылуына тікелей әсер етеді», делінген хатта.