Білім • Кеше

Министр: Физика, химия және биология жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова физика, химия және биологияның біріктірілмей, мектептерде жеке пән ретінде сақталатынын хабарлады. Бұл мәселе Алматыда өтіп жатқан Халықаралық жас ғалымдар конгресінде талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр: Физика, химия және биология жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды

Фото: istockphoto.com

Жас ғалымдар конгресінде сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептегі жаратылыстану пәндерінің біріктірілуіне қатысты пікір білдірді. 

«Жас ғалымдар конгресінде бір сұраққа нүкте қойғым келеді. Қазір қоғамда жаратылыстану пәнін қосып оқытуға байланысты физика, химия және биологияны бір пәнге біріктіру туралы қызу талқылау жүріп жатыр. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеде өз ұстанымын нақты айқындады. Аталған пәндер кіріктірілмейтін болды. Физика, химия және биология жеке пән ретінде оқытылады. Біздің мақсатымыз – мектеп жасында оқушылардың бойына фундаменталды блокты терең әрі жүйелі меңгеруге толық жағдай жасау. Пәндерді біріктіру реформасы бүгіннен бастап тоқтатылады. Физика, химия және биология әрқайсы жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды», деді министр.