Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегия елдің батыс жаға­лауын­дағы жол қатынасын өзгерту мақ­сатында әлемдегі ең ұзын әрі ең терең суасты автокөлік туннелін салып жатыр.

Ең ұзын туннель

Сурет ашық дереккөзден алынды

Суасты туннелінің ұзындығы – 27 шақырым. Ол Ругаланн провинциясының бойымен өтіп, теңіз деңгейінен 392 метр тереңдікке дейін төмендейді. Инженерлердің айтуынша, бұл жоба ірі қалалар арасындағы жолды едәуір қысқартады және елдің батыс жаға­лауында паромсыз қатынас жүйесін қалып­тастыруға көмектеседі. Құрылыстың аяқталуы 2033 жылға жоспарланған. Жоба құны шамамен 24 млрд доллар.