Елімізде Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсан, яғни сейсенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.
Қазақстандықтардың жұмыс күндерінің кестесі келесідей болады:
15 желтоқсан (дүйсенбі) – жұмыс күні.
16 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс, Тәуелсіздік күні.
17-19 желтоқсан (сәрсенбі-жұма) – жұмыс күндері.
“Жалпы жұмыс күндері ХҚО мен мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00–18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00–20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00–13:00-ге дейін ашық”, – деп мәлімдеді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы.
Кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда:
Өтініштер жұмыс күндері 09:00–18:00 аралығында қабылданады,
Дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі,
Сенбі күні өтініштер 09:00–12:00, ал дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.