Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны аталған турфирмаға шетелге саяхат үшін 1,2 млн теңге төлегенін, алайда көрсетілуі тиіс қызмет – жолдама да, ақшаның қайта қайтарылуы да орындалмағанын жазған. Оның шағымынан кейін басқа азаматтар да турагенттікке қатысты наразылықтарын білдірген.
Полиция департаменті 10-нан астам адамнан Abylai tours туралы арыз түскенін растады. Қазіргі таңда компанияның әрекетіне қатысты тергеу басталды.
– Әуезов аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – алаяқтық – бойынша іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Тұрғындарға қандай да бір туристік компанияның қызметін пайдаланбас бұрын, оның лицензиясы мен беделін мұқият тексеру ұсынылады.