Фото: Ашық дереккөз
«Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар аралас жауын-шашын болады», делінген «Қазгидромет» болжамында.
Солтүстікте, түнде және таңертең еліміздің орталығында қалың қар жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстікте, күндіз республикамыздың шығысында жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады және боран соғып, жел екпін алады деп болжанады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында және Ұлытау облысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 30 метрге дейін және одан жоғары жылдамдықпен қатты жел соғады деп күтіледі.