Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025

Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райына байланысты Астанадан шығатын барлық автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 14:00-ден бастап елордадан барлық бағытта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолға шықпауға, елді мекендер аумағында қалып, қала шетіндегі бекеттерге бармауға шақырып отыр. Бұл көлік кептелістерінің алдын алып, коммуналдық және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеу үшін қажет.

– Қабылданған шаралар тиісті қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Құзырлы органдар тұрғындарды ауа райы тұрақталғанға дейін қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35