Экономика • Бүгін, 10:35

Ұлттық қордың биылғы инвестициялық кірісі белгілі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Ол Ұлттық қордың 11 айдағы инвестициялық кірісі 8,2 млрд долларға жеткенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық қордың биылғы инвестициялық кірісі белгілі болды

Фото: Ашық дереккөзден

Халықаралық жалпы резервтер қараша айының соңында 125,7 млрд долларды құрап, жыл басынан бері 20,1%-ға өскен.

Сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,5%-ға ұлғайып, 62,1 млрд долларға жетсе, Ұлттық қордың активтері 8,1%-ға көбейіп, 63,6 млрд доллар болған.

«Қорға түсетін түсімдер сомасы жыл басынан бері 3,6 трлн теңгені, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 4,9 трлн теңгені құрады. Осы жылдың 11 айында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 13,7%-ды, яғни 8,2 млрд долларды құрады», деді Тимур Сүлейменов.
Тимур Сүлейменов жыл басынан бері теңге бағамы 2,4%-ға нығайғанын атап өтті.
Биыл жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Ұлттық қор: меже мен мүмкіндік» атты материалында қордың 2030 жылға дейінгі жоспарының орындалу мүмкіндіктерін саралаған еді. 
Соңғы жаңалықтар