Оқиға • Кеше

Белуардан қар кешіп мектепке қатынаған балақай Қырғыз президентінің шыршасына шақырту алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде қалың қарды кешіп, мектепке бара жатқан видеосы тараған Нұрзаман Алмазбеков Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шыршасына баратын болды. Мемлекет басшысы білімге құштар төртінші сынып оқушысының талпынысына тәнті болып, оған арнайы қолдау көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белуардан қар кешіп мектепке қатынаған балақай Қырғыз президентінің шыршасына шақырту алды

Фото: Видеодан алынған кадр

Ош облысы Қара-Құлжа ауданының тұрғыны Нұрзаман Алмазбековтың белуардан келетін қармен арпалысып, сабаққа асыққан бейнеролигі Президенттің жеке назарына ілікті. Қырғызстан Президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков бұл жағдайға қатысты мемлекет басшысының пікірін жеткізді.

«Садыр Нұрғожоұлы бұл видеоны өзі көріп, күрделі жағдайға қарамастан білім алуға деген ниетін көрсеткен баланың қадамына өте риза болды. Президентіміз мұндай табанды әрі талантты балалар ерекше қолдауға лайық екенін атап өтіп, оны президенттік жаңа жылдық шыршаға шақыруды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының атынан білімге ұмтылған оқушыға арналған сыйлық дайындалып жатыр», деді Дайырбек Орунбеков.

Нұрзаман – Коо-Чаты ауылындағы «Айдың-Көл» бастауыш мектебінің үздік оқушыларының бірі. Ол алты балалы отбасының төртіншісі. Мұғалімдерінің айтуынша, Нұрзаман математика мен қырғыз әдебиеті пәндерін жақсы көреді, бос уақытында сурет салып, футбол ойнағанды ұнатады. 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше