Фото: istockphoto.com
OpenAI өкілдерінің мәлімдеуінше, ChatGPT Images моделі суреттерді өңдеуде жоғары дәлдікті қамтамасыз етіп, ұсақ детальдарды анық сақтауға мүмкіндік береді. Бұл модельдің басты ерекшелігі – оның өнімділігі алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда төрт есе жылдамдатылған. Пайдаланушылар үшін суретпен жұмыс істеу интерфейсі де жаңартылып, суреттің нақты бөліктерін белгілеп өңдеу функциясы қосылған.
«Біздің басты мақсатымыз – пайдаланушыларға тек сурет салып қана қоймай, оны зергерлік дәлдікпен басқаруға мүмкіндік беру. ChatGPT Images жылдамдығы мен функционалдығы жағынан айтарлықтай алға жылжыды. Енді креативті идеяларды жүзеге асыру үдерісі бұрынғыдан да оңай әрі жедел болады», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жаңа мүмкіндік көпшілікке ашық болғанымен, корпоративтік клиенттер үшін қолжетімділік кейінірек жоспарланған.