Әлем • Бүгін, 10:30

«Оскар» сыйлығын табыстау: YouTube тікелей эфирде көрсетеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі 2029 жылы өтетін 101-ші салтанатты кештен бастап 2033 жылға дейін YouTube тарапынан тегін көрсетіледі. Бұған дейін трансляция құқықтары ABC телеарнасына тиесілі болған, алайда телеарна мен киноакадемия арасындағы келісім 2028 жылы аяқталады екен, деп жазады Egemen.kz.

«Оскар» сыйлығын табыстау: YouTube тікелей эфирде көрсетеді

Фото: pixabay.com

Келісім тараптары сыйлықтың жаңа платформаға ауысуы «Оскар» рәсімін әлемдік аудитория үшін қолжетімдірек етеді деп үміттенеді.

Киноөнер және ғылым академиясы YouTube-пен келісімшарт жасап, оған «Оскар» рәсімін әлем бойынша эксклюзивті түрде тарату құқығын берді. Бұл туралы Академияның бас директоры Билл Крамер мен Академия президенті Линетт Хауэлл Тейлордың бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Біз YouTube-пен көпжақты жаһандық әріптестік орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Ол алдағы уақытта «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінің және Академияның жыл бойы өтетін бағдарламаларының жаңа орны болады», делінген мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20