Президент • Бүгін, 14:35

Тоқаев: БҰҰ әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінде оқыған дәрісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев: БҰҰ әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуы қажеттігін айтты.

Президенттің пікірінше, халықаралық қоғамдастық институттары тиімді қызмет етуі үшін өзара сенімді қалпына келтіруі қажет.

«Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіс. Осы ретте Қазақстан аталған қағидаттарды Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді алаңдар арқылы үнемі ілгерілетіп келеді. Бүгінгі сын-қатерлерге бірде-бір мемлекет жалғыз өзі төтеп бере алмайтыны рас. Тек түбегейлі және тиімді ұжымдық іс-қимыл ғана ұзақ мерзімді нәтиже береді. Бұл орайда БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек», деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17