Басылым • Бүгін, 07:30

«Казахстанская правда» үздік атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Жыл адамы» және «Қазақстандағы жыл таңдауы» фестивальдарының марапаттау рәсімі өтті. «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына кіретін «Казах­станская правда» газеті «Қазақ­стандағы 2025 жылдың №1 республикалық қоғамдық-саяси күнделікті басылымы» аталымында лауреат атанды.

«Казахстанская правда» үздік атанды

Салтанатты жиын барысында еңбегі мен ерлігі елді сүйсіндірген азаматтардың есімдері жарияланды. Жеңімпаздарға «Кәсіби жетістіктері үшін» және «Елеулі үлесі үшін» аталымдарында ұлттық «Алтын Адам – Жыл адамы» сыйлығы табысталды.

Дәстүрге сай, жоба аясында үміткерлерді іріктеу халық арасында жүр­гізілетін әлеуметтік сауалнамадан басталады. Одан бөлек жобаға қатысушылар ұсынған деректерге, сондай-ақ өздерінің кәсіби тәжірибесі мен сараптамалық қорытындыларына сүйене отырып, қазылар алқасы әрбір үміткерге дауыс береді.

Іс-шара аясында «Шығармашылық жетістіктері үшін» арнайы сыйлықтары да табысталып, «Қоғамдық мойындау» халықтық сыйлығының лауреаттары марапатталды.

Ұлттық «Жыл адамы» – «Жыл таң­дауы» – тәуелсіз жоба. Ол бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық ұйымдар тарапынан зор қолдауға ие. Жобаның ұстанымы – Отанға деген шынайы сүйіспеншілік.

Иә, «Жыл адамы» – «Жыл таң­дауы» фестивалі халықаралық мәрте­беге ие екені сөзсіз. Бес елде, атап айт­сақ, Қазақстанда, Қырғызстанда, Өз­бекстанда, Украинада, Беларусь елінде өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар