Форум • 24 Желтоқсан, 2025

Оралда Бауыржан Момышұлына арналған патриоттық форум өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Батыр Бауыржан:болмыс пен биіктік» атты патриоттық форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда Бауыржан Момышұлына арналған патриоттық форум өтті

Форумға облыстың әр түкпірінен батыр есімін иеленіп жүрген 115 Бауыржан арнайы шақырылған екен. AMANAT партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған іс-шараға сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, әскери бөлім сарбаздары, спортшылар қатысты. Форум барысында батыр Бауыржанның өмір жолы баяндалған театрландырылған қойылымдар көрсетілді.

«Форумның негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өмірі мен өнегелі мұрасын насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік рухты, елге қызмет ету құндылықтарын қалыптастыру, отбасыдағы әкенің рөлі мен тәрбиесінің маңыздылығын дәріптеу, ұлттық рух пен тарихи сананы нығайту. Бауыржан Момышұлы – тек майдан даласының қаһарманы ғана емес, ұлт рухын оятқан ұлы тұлға, ерлік пен елдіктің, намыс пен парасаттың мәңгілік үлгісі. Оның батырлығы – тарих қойнауында қаттаулы, ал өсиеті – халық жадында мәңгі сақтаулы» дейді партияның облыстық филиалы төрағасы Мұрат Мұқаев.

Форум кезінде әр салада үздік шыққан Бауыржан есімді бірқатар азаматқа белсенді қызметі үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар