Фото: istockphoto.com
Астанада күн бұлтты болып, қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, ал кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -4...-6°C шамасында болады, бірақ күн соңына қарай термометр бағаны одан әрі төмендей түспек.
Қарағандыда да күн ала бұлтты, қар жауады, желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде -4...-6°C, күндіз -2...-4°C болады.
Жезқазғанда ала бұлтты ауа райы мен қар күтіледі, жел 6-11 м/с, температура түнде -2...-4°C, күндіз 0...-2°C.
Алматыда күн ала бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел 3-8 м/с. Түнде -2...-4°C болса, күндіз +3...+5°C жылылық сақталады.
Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді, түнде -2…-4°C, күндіз ауа +6...+8°C-қа дейін жылынады.
Түркістанда жел 8-13 м/с, температура түнде -2…-4°C, күндіз +6...+8°C.
Таразда желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде -2…-4°C, күндіз +5...+7°C.
Қызылордада жаңбыр аралас қар жауып, күндіз +3...+5°C жылы болады.
Қонаев пен Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күндіз +1...+5°C аралығында жылылық байқалады.
Петропавлда қар жауып, боран соғады, жел 15-20 м/с. Температура -17...-19°C-тан бастап, одан әрі төмендей береді.
Көкшетауда қар жауып, ауа райы -6...-8°C-тан ары қарай суытады.
Қостанайда күн бұлтты, аяз -20...-22°C-қа жетеді. Павлодарда қар жауады, температура -3...-5°C. Семей мен Өскеменде де қар мен жел күтіледі (екпіні 15-20 м/с), температура күндіз -3...-5°C төңірегінде.
Ақтөбеде түнде -23…-25°C, күндіз -20...-22°C. Оралда түнде -23…-25°C болып, күндіз -14...-16°C-қа дейін жылынады. Атырауда температура -8…-10°C деңгейінде болса, Ақтауда жаңбыр аралас қар жауып, жел 20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз +4...+6°C болады.