Фото: pexels.com
Транзитті қоспағанда елімізден барлық көлік түрімен сәбізді шетке, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тасымалдауға 3 ай бойы рұқсат етілмейді.
Жалпы Қазақстанның шетелге сәбіз сату көрсеткіші 37,6%-ға өсіп, 18 200 тоннаға жеткен.
Биыл Өзбекстанға – 4500 тонна, Украинаға – 567 тонна, Тәжікстанға – 532,4 тонна, Белоруссияға – 113,4 тонна сәбіз тасымалданған. Ал былтыр аталған елдерге сәбіз жеткізілмеген. Аталған өнімнің негізгі бөлігі шамамен 12,4 мың тонна Ресейге тасымалданады.
Бұған дейін сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылғанын хабарлағанбыз.