Экономика • 25 Желтоқсан, 2025

Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8%-ға өсті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық даму қарқыны мен стратегиялық жобалардың нәтижелерін баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия құрлығындағы транзит хабына айналу мүмкіндігін және экономикадағы түбегейлі өзгерістерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8%-ға өсті

Фото: istockphoto.com

«Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір. Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажет. Сонымен қатар қазір экономикамызда түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр. Біз ел экономикасының дамуына қосымша серпін беру үшін маңызды жобаларды қолға алдық. Бүгінде сол жұмыстың нәтижесін де көре бастадық. Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8%-ға өсті. Биылғы өсім 6 пайыздан асты. Бұл – 2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш», деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артты. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі рекордтық межеге жетіп, 125 миллиард доллардан асты.
«Биыл «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі мерзімінен бұрын іске қосылды. Бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Бірнеше айда осы жолмен қосымша 6 миллион тонна жүк тасымалданды. Қазір «Мойынты – Қызылжар» бағытында теміржол салынып жатыр. Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір. Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажет. Осы жылы 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделуде», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әуе қатынасын дамыту ісіне де баса мән беріліп жатыр. Әлемнің ірі қалаларымен тікелей қатынас орнатылып жатыр, 36 жаңа әуе рейсі ашылды.
«Қазақстан Еуразия құрлығындағы транзит хабы ретінде қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл – стратегиялық маңызы бар мақсат. Сондай-ақ интернет еліміздегі азаматтардың 90%-ына қолжетімді болды. Қазақстан – Starlink желісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Еліміз құрылыс саласында зор табысқа жетті. Биыл 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Мыңдаған отбасы баспаналы болды», деді Президент.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40