ЭЦҚ кілттерін қайта шығару барысында қосымша тексеру келесі екі тәсілдің бірі арқылы жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне жіберілетін бір реттік кодты енгізу арқылы SMS-растау;
eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттан алынған кодты енгізу.
«Аталған тетік Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі болмауына байланысты, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қолданылмайтынын атап өткен жөн. Қабылданған шара қауіпсіздік деңгейін арттыруға, пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін заңсыз пайдаланудан қорғауға, сондай-ақ кілттерді қайта шығару процесін анағұрлым сенімді етуге бағытталған», делінген хабарламада.