Оқиға • Бүгін, 12:33

Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында отшашу атпақ болған екі жасөспірім ауруханаға түсті. Оқиға балалардың пиротехниканы үлкендердің қарауынсыз қолдануы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті

Фото: istockphoto.com

Оқиға жеке үйдің ауласында болған. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәлімдеуінше, жасөспірімдер пиротехниканы ересектердің қарауынсыз пайдаланған.

«Зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Бұл жағдайға байланысты Комитет еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына мереке қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейту және алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы ресми хат жолдады. Мамандар бұл шаралардың тиімділігі ата-аналардың жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?

Елді мекендерде пиротехника қолдануға тыйым салынғанын есте сақтаған жөн. Егер бұл ережені 16 жасқа толмаған бала бұзса, оның ата-анасына 20 АЕК (78 мың теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл салынып, пиротехникалық бұйымдар тәркіленеді.

 Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады:

  • 18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады;
  • Балаларға фейерверктерді өз бетінше қолдануға болмайды, бұл тек ересектердің бақылауымен және қауіпсіз қашықтықта орындалуы тиіс;
  • Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің жанында қолдануға рұқсат етілмейді.
Соңғы жаңалықтар