Олардың көркемдік мазмұны негізінен аудармаға бағытталған. Абайдың 180 жылдығы ел көлемінде кеңінен атап өтілді. Ойшылдың бірнеше кітабы өзбек тіліне аударылып, мектептер мен жоғары оқу орындарына тегін таратылды.
Қазақ кітаптарының негізгі оқырманы – мектеп оқушылары. Қандастар көп шоғырланған Ташкент пен Науаи облыстарынан бөлек, Қарақалпақстанда да қазақ жазушыларының шығармалары сұранысқа ие. Ал Абайдың бірнеше кітабы өзбек тілінде жарыққа шықты.
Өзбекстанда қазақ қаламгерлерінің жалпы саны 60-қа жуықтайды. Биыл түрлі жанрда 20-ға жуық кітап шыққан. Авторлар көбіне туған жер, естеліктер мен балалар шығармаларын жазады.
«Отандастар қоры арнайы бағдарлама жариялап соның аясында біздің ақын-жазушылар кітап шығарды. Оны қаңтар айында таныстыратын боламыз», дейді Өзбекстан Жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахметов.
Ал келер жылы жарыққа шығатын шығармалардың мазмұны мен қаржыландыру тетіктері қазір қарастырылып жатыр. Жас қаламгерлерді қолдау тақырыбы да назардан тыс қалмайды.