Экономика • Бүгін, 09:25

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде міндетті таңбалауға темекі өнімдері, аяқкиім және дәрілік заттар жатады. Енді елімізде сыра өнім­де­рін өндірушілер мен импорттаушылар да цифр­лық таңбалау жүйесіне тіркелуге міндетті.

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Tañba бірыңғай таңбалау операторы баспасөз қыз­ме­ті­нің хабарлауынша, 2026 жыл­дың 1 ақпанынан бастап, «Таң­ба­лауға жататын тауарлар тіз­бесін айқындау туралы» бұй­рыққа сәйкес Қазақстанда сыра және сыра сусындары міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар жүйеде тіркелуі міндетті.

Сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізу кезең-кезеңімен іске асырылады. 2026 жылғы 1 ақпаннан бас­тап – кегтер мен бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бас­тап – қаңылтыр банкілердегі сусындар таңбалана бастайды. Айналымға енгізілгенге дейін әрбір тауар бірлігіне Data Matrix коды қойылуы қажет.

«Сыра өнімдері акциз­де­летін тауарларға жататынына қарамастан елімізде бұл сусындар есепке алу-ба­қы­лау маркаларымен таң­ба­лан­баған, яғни бұл жөнінде орта­лық­тандырылған ақпа­рат­тық жүйе жоқ. Сондықтан тұ­­тыну­шылар тауардың заң­­­ды шығу тегі туралы мә­лі­мет­­терден хабарсыз. Өнім­дер бақыланбағаннан кейін елге контрабандалық өнімдерді тасымалдау қаупі бар», делінген таңбалау операторы таратқан мәліметте.

Тауарды таңбалаудың мемлекет үшін тиімділігі – сыра қайнату өнімдерінің заңсыз айналымының азаюы және салық түсімдерінің ұлғаюы. Өз кезегінде тұтынушылар шына­­йы әрі сапалы өнімді сатып алу­ға мүмкіндік алады.

Цифрлық таңбалау «көпір­шік» сусындардың өнді­рі­сі пен импорт көлеміне бақы­лау­­ды күшейтуге, заңсыз өнім ай­налымын төмендетуге және тұтынушылардың құқық­тарын қорғау деңгейін арт­тыруға мүмкіндік береді.

Қазір ел азаматтары дәрі-дәр­мектер мен темекі өнім­­де­рінің заңдылығы мен түп­нұсқалығы жөнінде Naqty Onim тегін мобильді қосым­­­­ша­сында таңбалау кодын сканерлеу арқылы тексере алады. Егер код жарамсыз болса немесе мүлде болмаса, азаматтар қосымшаның өзінде өтініш қалдыра алады, ол кейін тексеру жүргізу үшін уәкілетті органға жолданады.

Сауда және интеграция министрінің жаңа бұй­ры­ғына сәйкес, міндетті таң­ба­лауға жататын тауарлар тізі­міне киік дериваттары, сыра өнімдері, мотор майлары және жеңіл өнеркәсіп тауар­лары да ен­гізілді. 2026 жылғы 1 ақпаннан бас­тап мотор майлары мен сыра өнімдерін таңбалау басталады, ал 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау енгізіледі.

Өндірушілер мен импорттаушылар https://tanba.markirovka.kz/ сілтемесі арқы­лы өнеркәсіптік стендте тіркеуден өте алады. Тіркеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба, ұйым туралы өзекті деректер (БСН/ЖСН, атауы, байланыс мәліметтері), сондай-ақ ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін орнатылған NCALayer бағдар­ла­масы болуы қажет.

Одан кейін қосылу туралы келісімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, қажет болған жағдайда таңбалау кодтарын алу туралы шартқа да келісім береді. Тіркеліп болған соң үш жұмыс күні ішінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құпиясөз орнатуға арналған сілтемесі бар растау хаты келеді.

Пайдаланушы тіркел­ген­нен кейін жеке каби­нет ашылады. Онда таңбалау мен өнімді, оның көлемі мен құрамын, басқа да сипаттамаларын қарап отыру үшін тауар карточкаларын жасап алуға, оны өзгертуге, өңдеуге болады. 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45