Ашық дереккөз
FlightAware порталының дерегінше, 8104 рейс кешіктіріліп, тағы 1422 рейс мүлде тоқтатылған.
АҚШ-тың солтүстік-шығыс аймақтарында 26 желтоқсанда қарлы боран күшейген. Атап айтқанда, Нью-Йорк штатында бір тәулікте жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге дейін жеткен.
Сонымен қатар Ресей астанасындағы әуежайларда да әуе қатынасы уақытша шектелді. Мәскеудің Внуково әуежайы мен Шереметьево әуежайларында ұшып келу және ұшып шығу бағытындағы 270-тен астам рейс кешіктірілген.
Қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты 69 әуе кемесі балама әуежайларға бағытталса, 42 рейс толықтай тоқтатылған.