Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Сондай-ақ жас ғалым цикорий құрамында адам ағзасында стресс әсерінен пайда болатын радикалдарға қарсы антиоксиданттық белсенділігі бар екенін де дәйектеді. Бұл өсімдіктің денсаулықты нығайтудағы әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.
Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда аталған ғылыми жоба аясында халықаралық ғылыми журналдарда екі мақала жарияланған.
«Біз емдік қасиеті бар өсімдіктер арқылы адам ағзасында жиі кездесетін ауруларға қарсы биологиялық белсенді қоспалар әзірлеуді мақсат етеміз. Қазіргі уақытта цикорий өсімдігінің фитохимиялық және фармакологиялық қасиеттерін зерттеп жатырмыз. Бүгінге дейін оның диабетке және стреске қарсы белсенділігі анықталды. Алдағы уақытта вирустар мен бактерияларға, соның ішінде тұмау ауруына қарсы әсерін зерттеуді жоспарлап отырмыз», дейді Айжамал Байсейітова.
Аталған инновациялық жоба бойынша ҚазҰУ ғалымдары патент алған. Болашақта цикорий негізінде дайындалған өнімдер биологиялық белсенді қоспа және емдік шай ретінде өндіріліп, отандық нарыққа шығару жоспарланған.

Айжамал Байсейітова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультетінде дәріс береді. Сонымен қатар университет жанындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығында қызмет атқарады. Ол Оңтүстік Кореядағы Кёнсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантурада білім алып, докторлық дәрежесін сәтті қорғаған.