Қоғам • Кеше

СҚО-да жол апатынан үш адам жарақат алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қар түсіп, ауа-райы біресе жылымық, біресе қатты аяз бола бастағалы Солтүстік Қазақстан жолдарының қаупі арта бастайды, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да жол апатынан үш адам жарақат алды

Жолдың көктайғағына жел екпінінің қатаюы қосылып, автокөліктерді арнайы түрде апатқа итермелейтін сияқты көрінеді, деп хабарлайды Egemen kz.

Міне, кеше ғана осы себептермен Көкшетау-Рузаевка ауылдарының маңындағы автожол учаскесінде екі жеңіл машина бір-бірін бүйірден соққан. Нәтижесінде 33, 32 және 22 жастағы үш азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлдің орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 1980 жылы туған төртінші зардап шегуші жеңіл жарақат алғаны себепті ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір полиция жол апаты оқиғасында кімнің кінәлі екенін анықтауда.

Солтүстік Қазақстан облысы  

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше