Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

ҚТЖ жабылған жолдарға байланысты 13 пойызды іске қосты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райы мен автожолдардағы уақытша шектеулерге байланысты Қазақстан темір жолы жолаушыларды тасымалдау және өңірлер арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін 13 қала маңы пойызын іске қосты. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады.

ҚТЖ жабылған жолдарға байланысты 13 пойызды іске қосты

Жолаушыларды тасымалдау үшін келесі бағыттар бойынша пойыздар қатынайды:

Астана – Павлодар бағыты:

  • №7502 Астана – Павлодар

  • №6832 Астана – Павлодар

Павлодар – Астана бағыты:

  • №7501 Павлодар – Астана

  • №7509 Павлодар – Астана

Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты:

  • №6804 Атбасар – Астана

  • №6831 Астана – Жалтыр

Астана – Көкшетау бағыты:

  • №7515 Астана – Бурабай курорты

  • №6830 Көкшетау – Астана

  • №7508 Көкшетау – Астана

  • №7516 Бурабай курорты – Астана

Астана – Қарағанды бағыты:

  • №6858 Астана – Қарағанды

  • №6856 Астана – Қарағанды

Қарағанды – Астана бағыты:

  • №7553 Қарағанды – Астана

КТЖ мәліметінше, пойыздар жол қозғалысы шектелген кезеңде жолаушылардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынасын қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар