Соның ішінде «жылдың құтқарушысы» атағына Мамлют ауданының учаскелік инспекторы Қадырбек Исин ие болды. Ол аударылған қайықтан суға батып бара жатқан 13 жасар баланы мұзды судан алып шыққан. Осы ерлігіне ол «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. «Жылдың күлкілі оқиғасы» деп қылмыскердің бейнекамера түсіріп тұрғанда зергерлік шеберхананы тонап, одан алған заттарды шүберекке орап, осы жердегі өзінің палатасына тығып, сосын шеберхананы күйдірмек болған амалы болды. Оның ұрлаған заттары 1 млн теңгеден артық екен, ал өрт қою арқылы шеберханаға келтірілген зияны әлі толық есептелген жоқ.
«Жылдың ЖКО» ретінде маусым айында болған оқиға тіркелді. Онда Петропавлдың айналма жолымен келе жатқан «Mercedes» газбен жүретін «ГАЗель»-мен соғысып, үлкен өрт болған еді. Соның салдарынан төрт адам көз жұмған. «Жыл көмегі» деген номинацияда полицейлердің алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасынан айрылып қала жаздаған қарт адамдарға көмек беріп, қалтасының қағылуынан алып қалған 20 оқиғасы тіркелген. Ал «жыл құрықталушысы» деген атқа 23 ақпан мен 23 шілдеде құрылталған, әрқайсында 5 адамнан болған екі алаяқтар тобы лайық болған. Екі топ кибералаяқтық жолымен 56 эпизод бойынша зардап шеккендердің 250 млн теңгесін қақшып кеткен екен. «Жылдың есірткі құрықталушысы» номинациясы бойынша 27 жасар астаналық курьерді құрықтау аталған.Оның бойынан 1 кг есірткілік заттар табылған. Қазір курьер 8,5 жылға сотталып, жазасын өтеуде.
«Жылдың спорт жетістіктері» қатарында арнайы жедел отряд қызметкерлері Н.Жақыпов пен И.Бековтың кикбоксингтен өткен Әлем кубогында алғашқысы алтын, соңғысы қола медаль әкелгендері айтылған. Сонымен қатар Ливерпуль қаласында бокстан болған Әлем чемпионатында Н.Богданованың чемпион болғаны аталған.
ПЕТРОПАВЛ