Әлем • Бүгін, 16:05

Ауғанстандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тауып, 11 адам түрлі жарақат алды. Елдегі ұзаққа созылған құрғақшылықтың соңы нөсер жауын мен қалың қарға ұласып, арты табиғи апатқа айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Метеорологтардың мәліметінше, 1 800-ден астам отбасының тыныс-тіршілігіне зардабы тиген. Су тасқыны тұрғын үйлерді қиратып, мал-жанды ағызып әкеткен. Қазіргі уақытта табиғи апат елдің барлық дерлік провинциясын шарпып отыр.

Әсіресе, инфрақұрылымы төмен ауылдық аймақтар ең ауыр соққыға тап болды. Мұндағы құрылыстар мен жолдар мұндай экстремалды ауа райына төтеп бере алмаған. Қазіргі таңда Ауғанстан билігі келтірілген шығын көлемін есептеп, зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын бастады.

Соңғы жаңалықтар