Фото: Ашық дереккөз
Sports.kz таратқан мәліметке сүйенсек, Юлия іріктеу кезеңінің жартылай финалында корт иесі – австралиялық Присцилла Хонмен (WTA рейтингінде 119-орын) кездесті. Юлия қарсыласынан басым түсіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді іріктеу кезеңінің финалында теннисші негізгі жарысқа жолдама алу үшін таласады. Оның қарсыласы Оливия Гадецки (Австралия) мен Анастасия Захарова (Ресей) жұбының жеңімпазы болмақ.
Айта кетейік, Брисбендегі жарыстың негізгі кезеңі 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Жүлде қоры 1 206 446 долларын құрайды.