Фото: Жоғарғы сот
Айыпталушы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу кезінде қолайлы жағдай жасаған.
Сондай-ақ мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді ұстанымының арқасында лауазымдық міндетін атқару кезінде қызметтік ақпаратты жария еткені де мәлім болды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот түзету мекемесінің бұрынғы басшысын мемлекеттік қызметте лауазымды міндеттерді атқару құқығынан өмір бойына шектеп, подполковник арнаулы атағынан да айырды.
Сот 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.