Қоғам • 05 Қаңтар, 2026

ІІМ жүргізушілерге қойылатын «жаңа талаптар» туралы қауесетті жоққа шығарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан аудиожазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ жүргізушілерге қойылатын «жаңа талаптар» туралы қауесетті жоққа шығарды

Фото: istockphoto.com

Соңғы күндері жүргізушілер арасында «енді өзіңмен бірге құжаттардың түпнұсқасын алып жүру міндетті болады» деген мазмұндағы дауыстық хабарлама жаппай тараған болатын.

ІІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жүргізушілер үшін ешқандай жаңа талап енгізілмегенін айтты.

«WhatsApp мессенджерінде жүргізушілер енді барлық құжаттарын өзімен бірге алып жүруі тиіс деген дауыстық хабарлама шындыққа жанаспайды. Расталмаған мәліметтерді таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», делінген ведомство хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 11:00