Фото: pixabay.com
Батыс Қазақстан аумағындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» жолының бір бөлігі, нақты айтқанда, 393-526 шақырымы тұсы жабылды. Бұл Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралық.
Ақтөбе аймағындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы БҚО-ның шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі жол бөлігі жабылып отыр. Бұл – аталған жолдың 526-702 шақырымы аралығын қамтиды.
«Жол бөліктерін 6 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарға алынған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.