Ғалам ғажаптары • 06 Қаңтар, 2026

Картинадағы тағдыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам миы есті­генінен гөрі көз­бен көргеніне тез сенеді. Мидың бұл қасиеті кей жағдайда өмірді жеңілдетсе, кей­де оны күрде­лендіріп жібе­реді. Өйткені көр­ген бейне бір сәтте-ақ санада орны­ғып, ұзақ уақыт өзгермей қалады.

Картинадағы тағдыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мысалы, суретші Эдгар Деганың картинасына кейіпкер болған актриса Элен Андре көпшіліктің жадында сол образбен қалып қойған. 1876 жылы салынған «Абсент» картинасында ол шаршап шарап ішіп отырған, өмірден түңілген әйел ретінде бейнеленеді. Бұл жай көркем образ болатын. Алайда көрермендер оны рөл ретінде емес, актрисаның шынайы болмысы ретінде қабылдаған. Актриса бір ғана картинаның әсерінен өмір бойы шарап ішпейтіндігіне адамдарды сендіре алмағанын айтады.

 

Соңғы жаңалықтар