Фото: Ерлан Омар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлгінің мәліметінше, бөлінген қаржының 99,3%-ы немесе 6 трлн 783 млрд азаматтардың әлеуметтік төлемдеріне бағытталады.
Оның ішінде 4 трлн 890 млрд теңге 2,6 млн зейнеткерді зейнетақымен қамтуға, 1 трлн 893 млрд теңге өзге жәрдемақыларды төлеуге мүмкіндік береді. Бұл шамамен 2,3 млн адамды әлеуметтік төлеммен қамтиды.
Қалған қаражат мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету, есту қабілеті бұзылған балаларға есту-сөйлеуді оңалту, оңалту орталықтарын салу, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бөлінеді.
«Зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл»: 2026 жыл ел тұрғындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Министрлік мәліметінше, бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді.