Ипотека • 07 Қаңтар, 2026

Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер неге төмендетілмеді?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету талабын уақытша тоқтату туралы шешімнің себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер неге төмендетілмеді?

Еске салайық, агенттік пен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық кредиттер бойынша ЖТСМ-ді 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету талабының күші уақытша тоқтатылды.

Агенттік бұл шешім халықтың да, банктердің де мүддесін ескере отырып қабылданғанын атап өтті.

«Бұл шешім қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, ипотекалық кредиттердің құнын реттеуде теңгерімді ұстанымды сақтау, банктердің қаржылық тұрақтылығын қолдау және сонымен бірге халық үшін ипотеканың қолжетімділігін төмендетпеу мақсатында қабылданды. Сонымен қатар жаңа талаптар күшіне енгенге дейін ипотекаға өтінім берген азаматтарға ережелердің өзгеруіне байланысты бас тартусыз несие рәсімдеуге мүмкіндік береді», делінген агенттік хабарламасында.

Осылайша, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстанда кредиттер бойынша мынадай шекті мөлшерлемелер қолданыста болады:
– кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46 пайыз;
– кепілмен берілетін банктік қарыздар бойынша – 35 пайыз;
– ипотекалық кредиттер бойынша – 25 пайыз.

Соңғы жаңалықтар