Фото: ауыл шаруашылығы министрлігі
Ал экспортқа 11 млн тонна астық жөнелтілген.
Ішкі тасымалдар 26%-ға артып, 3,3 млн тоннадан асты. Орталық Азия елдері бағытында да тасымалдау көлемі 30%-ға артқан. Мәселен, Қырғызстанға астық тасымалдау – 2 есеге, Тәжікстанға – 12%-ға, Өзбекстанға – 32%-ға артқан. Аталған елдерге 1,4 миллион тоннадан 6,3 млн тоннаға дейін астық жеткізілген.
Әзербайжанға астық тасымалдау 3 есеге, Иранға тиеу – 69%-ға, Ауғанстанға тиеу – 63%-ға ұлғайды. Балтық елдеріне тасымалдау көлемі де 6 есеге өсіп, 800 мың тоннадан асты.
Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді
«2025–2026 маркетингтік жылы (2025 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін) астық тасымалдау көлемі 6 млн тоннаға (+19%) жетті, оның ішінде экспорт 4,7 млн тоннаны (+18%) құрады. Орталық Азия елдеріне тасымалдау – 27%-ға, яғни 2,8 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға – 71%-ға, Балтық елдеріне – 2 есеге, Қара теңіз порттарына – 47%-ға, Балтық порттарына – 6 есеге өсті. Өзбекстанға астық тасымалдау – 41%-ға артып, 2 млн тоннадан асты. 2025 жылдың желтоқсанында теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі 1,6 млн тоннаны құрады. Бұл 2024 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен – 14%-ға жоғары және рекордтық айлық көрсеткіш. Экспорт – 16%-ға, яғни 1,3 млн тоннаға дейін ұлғайды, ішкі тасымалдар 300 мың тоннадан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 10%-ға артық», делінген «Қазақстан темір жолы» компаниясы таратқан хабарламада.
Қытай бағытында астық жүктерінің экспорты 4,2 млн тоннадан асты. Бұл ретте шикізат астығын тасымалдау көлемі 0,8 млн тоннаны құрады.
Айта кетейік, енді тауарын теміржол арқылы тасыған кәсіпкерлердің шығыны өтеледі.